16 нау, 2017 сағат 12:23

Ұлттық Банк басшысы Қазақстан банктерінің бірігуіне қатысты пікір білдірді

ҚР Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев екі банкті біріктіру ниеті туралы ойын айтты, деп хабарлады Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлттық банк басшысы банк секторын шоғырландыру үдерісі туралы жиі айтылғанын атап өтті. «Банк секторындағы шығыстар мен шығындарды оңтайландыру - шарасыз үдеріс. Банк акционерлері қаржы институттары институттарды капиталдандыру бойынша алдағы  міндеттемелер тұрғысынан олардың бизнесінің табыстылығын қамтамасыз етуге қаншалықты қабілетті екенін бағалауы тиіс, яғни осы банктерде бар міндеттемелер бойынша уақтылы есептесуі тиіс. Елдегі экономикалық белсенділік баяулаған жағдайда, көптеген қаржы институттары үшін шоғырландыру үрдісі шешімдердің бірі болып табылады, сонда бір институттың күшті жақтарын біріктіру есебінен басқа институттың әлсіз жақтары жойылып, сау теңгерімді қаржы институты қалыптасуы мүмкін», - деді Ақышев.

«Банктер бірігу ниеті туралы меморандумға қол қойғанда, нарықта   басқа банктер туралы әңгімелер жүріп жатқанын білемін. Бұл үдеріс жалғаса береді, бұл үдеріс бизнестің экономикалық бағалауына негізделеді. Біз реттеуші ретінде елде тұрақты қаржылық жүйе қалыптасуына  мүдделіміз».

Егер біріктіруді дұрыс деп болжасақ, нарықта ойыншыларды кооперациялау немесе шоғырландыру қаржы жүйесінің орнықтылығын жақсартуға алып келеді, біз мұны құптаймыз. Кеше екі банк ниеті туралы айтты, бұл жағдай бізде талқыланды - банк акционерлері Ұлттық банк басшылығымен кездесті. Қай үлгі бойынша алға жылжитынын көрсетті. Олар қай жаққа жылжу қажеттігін түсінеді деп ойлаймын. Бұл үрдіс жалғаса береді», - деді Ұлттық банк басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Tengri Bank» АҚ «Capital Bank Kazakhstan» АҚ-мен бірігу ниеттері туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ Ұлттық банк Қазкоммерцбанк акцияларының бақылау пакетін сатып алу ниеті туралы айтты. Бұдан басқа Цеснабанк «Банк ЦентрКредит» банкімен қосылу мүмкіндігі талқыланып жатқаны белгілі.