16 мам, 2017 сағат 15:19

Украиндарға Ресей әлеуметтік желілерін пайдалануға тыйым салынды

Украина президенті Петр Порошенко «Mail.ru», «Вконтакте», «Одноклассники» сервистерінің ресурстарына, сондай-ақ «Яндекс» компаниясы, ресейлік «Касперский зертханасы», «Доктор Веб» антивирус әзірлеушілерінің сервистеріне шектеу санкциялары туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Укринформ.

Украина президенті Петр Порошенко Дербес арнайы экономикалық және басқа да қосымша шаралар (санкциялар) қолдану туралы» Украина Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі шешімін қолданысқа енгізді. Тиісті жарлық 15 мамырда Мемлекет басшысының сайтында жарияланды.

Сондай-ақ қарсы санкциялар қолданылған жеке және заңды тұлғалардың тізімі жарияланды. Тізімде 1228 жеке тұлға, 468 заңды тұлға бар.

Ұлт порталы