15 қар, 2017 сағат 12:32

Украина Ұлы Отан соғысы атауынан бас тартты

Украина парламенті "Соғыс ардагерлері мәртебесі, кепілдіктері мен әлеуметтік қорғалуы туралы" заңынан Ұлы отан соғысы туралы ескертпелерді алып татады. Сейсенбіде өткен отырыста бұл шешімді 241 парламентарий қолдады, ал заңның қабылдануына 226 дауыс та жеткілікті болатын, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

"Мәтінде "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы", "Ұлы Отан соғысы мен 1945 жылғы империалистік Жапониямен соғыс" сөздері "Екінші дүниежүзілік соғыс" сөздерімен алмастырылды", - делінген заң мәтінінде. 

Еске салайық, Украинаның Жоғарғы радасы 2015 жылы "Жеңіс күні" атауын алып тастаған болатын. Бұрын мерекенің толық атауы "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні" атауы қолданылса, қазір "1939-1941 жылғы Екінші дүниежүзілік соғыстағы фашизмді жеңген күн" атауы қолданылады.