15 мау, 2017 сағат 14:42

Украина Георгий лентасын тағуға заң жүзінде тыйым салды

Украинада 15 маусымда Георгий лентасын жасауға және насихаттауға тыйым салатын заң күшіне енді. Кеше заң мәтіні ресми "Голос Украины" басылымында жарияланған.

Заң бойынша, Георгий лентасын көпшілік көзінше пайдалану, көрсету, тағып жүру, лентаны немесе оның бейнесін тарату оны "насихаттау" болып саналады. Георгий лентасын таққаны үшін екі жарым мыңнан жүз мың гривенге дейін (жүз доллар шамасында) айыппұл салынбақ. Бұдан өзге, 15 тәулікке дейін қамау және лентаны тәркілеу де қарастырылған.

Дегенмен, тыйым Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан, Георгий лентасы тағылған наградалары мен мерейтойлық медальдері бар адамдарға жүрмейді. Лентаны сонымен қатар мұражайларда, кітапхана қорларында, өнер туындыларында, ғылыми айналымда экспозиция ретінде пайдалануға болады.

Украина парламенті Георгий лентасын жасап, таратуға тыйым салатын заң жобасын 16 мамырда қабылдаған. Заңға 12 маусымда президент Петр Порошенко қол қойған.