07 там, 2019 сағат 14:24

ҰҚК қызметкерлері арнайы операция барысында қылмыстық топ мүшелерін ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қару сатқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстады. Олардың қатарында шет ел азаматтары болған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті атыс қаруы мен оқ-дәріні заңсыз сатумен айналысқан шетел азаматтарынан тұратын топтың заңға қайшы іс-әрекетінің жолын кескен.

«Биыл 25 шілдеде ҚР ҰҚК 4-қызметінің 5-департаменті және ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаментімен бірлесіп арнайы операция өткізіп, оның барысында Алматы және Павлодар қалаларында «М» және «П» ісі бойынша өтетін тұлғалар ұсталды.

Заңсыз айналымнан 7 «Калашников» автоматы және 2 «Макаров» тапаншасы, сондай-ақ түрлі калибрлі оқ-дәрілер алынды», делінген хабарламада.

Қазір, ұсталғандар Тараз қаласына жеткізілді, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.