16 мам, 2019 сағат 16:05

Үкімет басшысы Nokia корпорациясының басшысымен кездесті

 

XII Астана экономикалық форумы алаңында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Nokia корпорациясының Директорлар кеңесінің төрағасы Ристо Сииласмаамен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында цифрландыруды дамытудың қазіргі беталыстары талқыланып, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында бірлескен жобаларды іске асыру преспективалары қаралды. Тараптар телекоммуникациялық нарықты дамыту саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруға ерекше көңіл бөлді. Талқылау тақырыбы инфрақұрылымдық сервистер мен бизнестің жаңа мүмкіндіктерін құру үшін үлкен деректерді талдаумен және заттар интернетімен «бесінші буын» байланыс желісін дамыту болды.

ҚР Үкіметінің басшысы А. Мамин телекоммуникациялар нарығын кеңейтіп, 5G технологияларын енгізу көзделіп отырғанын жеткізді, осы мақсатта Қазақстанның бірқатар қалаларында пилоттық жоба іске қосыла бастады. Бүгінде «бесінші буын» байланыс желісі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және Ақмола, Алматы облыстарында тестілеуіден өткізілуде.

Кездесу қорытындысы бойынша «Қазақтелеком» АҚ Nokia-мен бірлесіп әзірлеген 5G технологияларының мүмкіндіктерінің таныстырылымы өтті. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жабдық пен желі жұмысының сапалы көрсеткіштерін тексерді. Жаңа желіні енгізу деректерді тарату жылдамдығын айтарлықтай арттырады, бұл зияткерлік көлік жүйелерін дамытуға, ірі өндірістік компанияларда, логистикада және т.б. салаларда өнеркәсіптік роботтарды пайдалану мүмкіндігін кеңейтуге жол ашады.

Стенд — Қазақстандағы 5G технологиясының алғашқы имплементациясы. Жалпы, Форум қатысушыларына жаңа буын технологияларын сынап көріп, мобильді байланыстың бесінші буынын қолданудың практикалық мүмкіндіктерін, соның ішінде байланыстың жоғары жылдамдығын, аса төмен желілік іркілістерді,  жауап қатудың жоғарғы дәлдігімен нысанды қашықтан басқаруды және т.б. бағалау мүмкіндігі берілді.