#
#
Жексенбі 07/06/2020

Уханьда медициналық қалдық алты есе артты – The Wall Street Journal

  • 01.04.2020
  • 0
  • 238

Уханьда медициналық қалдық алты есе өсіп, билік қалдықты қайта өңдеуге арналған ондаған орын ашты. Қытай шенеуніктері 29 қаладағы медициналық қалдық өңдейтін орындар үздіксіз жұмыс ітеп жатқанын айтты. Енді АҚШ Қытайдың осы тәжірибесін бақылауға көшті, деп жазады The Wall Street Journal.

«АҚШ-та қалдықты қайта өңдейтін компаниялар ауруханалардың қоқыс шығару көлемі артқанын айтып отыр. Әсіресе, Америкада маска, қолғап пен халат қалдықтары артқан. Медициналық қалдықтарды, инфекциялық қоқыстарды көміп немесе өртемес бұрын компания бумен стерилдеу әдісін қолданады. Дегенмен, федералды реттеу органдары медициналық орындардан шығатын қоқыс көлемі артқандықтан, биологиялық сұйықтық тиген қоқыс қана өңдеуге жататынын, қалғаны қарапайым қоқысқа теңестірілетінін мәлімдеді», - деп жазады автор. 

Оның айтуынша, қарапайым қоқысқа теңестірілген маскалар компания қызметкерлерін алаңдатып отыр. Тіпті, кейбір ауруханалар бұл қоқыстардың өртелгені дұрыс екенін айтыпты. 

«Инфекция жұққан қоқыстарға қатысты алаңдаушылық артты. Тұрмыстық қалдықтарды утилизациялау бағдарламасы тоқтатылғандықтан, қоқысты қолмен сұрыптайтындардың өміріне қауіп төнді. Ғалымдардың айтуынша, коронавирус пластик пен темірде 72 сағатқа дейін сақталып тұрады», - деп жазады автор.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар