#
#
Сейсенбі 18/02/2020

Ухань институты мамандарының коронавирусты қолдан жасағаны рас па?

  • 29.01.2020
  • 0
  • 583

Қазірдің өзінде әлемнің бұқаралық ақпарат құралдары Қытайдағы вирустың қолдан жасалынғанын айтуда. 2018 жылдың қаңтар айында құрылған Ухань вирусология институты жасырын түрде осындай қауіпті індетті таратумен айналысқан деген ақпар бар.

Қазірдің өзінде АҚШ пен Израйльдің бұқаралық ақпарат құралдары мұның шындық екенін жазып жатыр. Олардың айтуынша, ядролық қаруды бақылауда ұстауға болады, ал биологиялық қаруды тексеру мүмкін емес. АҚШ және Израиль мамандарының айтуынша, Уханьдағы лабороторияның құрылысына 44 миллион доллар бөлінген.  Әлемде 4-деңгейдегі мұндай лаборотория санаулы ғана. Бұл Қытай үшін үлкен ақша. Дегенмен, қолдан жасалынатын вирусты жасап шығаруға көп құрылғының қажеті жоқ. Шағын лаборотория болса жетіп жатыр.

АҚШ мамандарының айтуынша, 2002-2003  жылдары да осындай қауіпті вирус тараған. Ол індет 800 адамның өмірін жалмағаны белілі. Сол сәтте қытайлықтар әлемде баламасы жоқ мықты медициналық орталық салып үлгерген. Бұл жолы да коронавирус тарағалы 20 күннің ішінде заманауи орталық салып беретінін мәлім етті.

АҚШ пен Ийраильдің барлау қызметінің мамандары Ухань вирусология институтында жылан мен жарқанатқа әртүрлі деңгейде сынақ жасап, сосын еркіндікке қоя берген деген ақпар таратуда. «Ухань лабороториясы мемлекеттік тапсырыстың негізінде құпия жағдайда биологиялық қару жасаған» дегенді  еврейдің барлау қызметі де жасырмай отыр. Соған қарағанда, бүгінгі коронавирустың көпшілікке зауал келтіріп отырғаны бекер емес сияқты. Айта кетейік, Қытайдан тараған вирустан бүгінгі күні  жүзден астам адам қайтыс болып, 2762 адам зардап шеккен.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар