19 шіл, 2019 сағат 14:37

UFC Конор Макгрегордың октагонға қашан оралатынын айтты

UFC президенті Дэйна Уайт ұйымның бұрынғы чемпионы, ирландиялық Конор Макгрегордың октагонға қай уақытта қайтып келуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Менің ойымша, Конор 2019 жылдың соңында немесе 2020 жылдың басында қайтып келеді. Қыркүйектегі турнирлердің қалай өтетінін көрейік. Жоқ, Конор Нурмагомедов – Порье айқасының жеңімпазымен жұдырықтаспайды. Алайда, бұл жекпе-жекте кім жеңсе де, дивизионда маңызды өзгерістер орын алмақ», - деп Уайттың сөзін жеткізді TMZ.

Макгрегор 2018 жылдың қазан айынан бері рингке шықпаған. Ол ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңіліп, арты жаппай төбелеске ұласқан еді. Нәтижесінде екі спортшы да ұзақ уақытқа бокстан шеттетілді. Конор Макгрегордың өзі ММА-дан кеткенін мәлім етті, алайда одан кейін бірнеше рет қайтып келетінін меңзеген.