#
#
Сенбі 24/08/2019

УЕФА-ның бұрынғы президенті Мишель Платини қамауға алынды

  • 18.06.2019
  • 0
  • 557

УЕФА-ның (Еуропа футбол қауымдастықтары одағы) бұрынғы президенті Мишель Платини 2022 жылғы Әлем чемпионатын өткізетін елді анықтау үшін өткен сайлауда сыбайлас жемқорлыққа жол берді деген күдікпен сейсенбі күні қамауға алынды, деп хабарлайды The Telegraph.

Басылымының хабарлауынша, Францияның Нантерре қаласының соттық полициясы бүгін таңертең Платиниді жемқорлыққа қарсы басқармаға жеткізген. Оны футболдан 2022 жылы әлем чемпионатын Катарда өткізу мәртебесін беру кезінде пара алды деген айып тағылған. Сонымен қатар, осы іс бойынша Клод Геан да айыпталуда. Ол Николя Саркози президент болып тұрғанда Елисейск сарайының бас хатшысы қызметін атқарған. Алайда ол бостандықта жүр.

Мишель Платини 2007-2015 жылдар аралығында Еуропа футбол қауымдастықтары одағын басқарған. Бұл лауазымын ФИФА оны сегіз жылға футболдан шеттеткен соң тапсырған.

Оның қамауға алынуына - 2011 жылы ФИФА-ның есеп шотынан Платиниге 2 млн еуроға жуық ақшаның аударылғаны себеп. Ақшаны 1998-2015 жылдар аралығында ФИФА-ны басқарған Йозеф Блаттер аударған. Осы оқиғаға байланысты Блаттер де футболдан шеттетілген болатын.

Артынша Платини апелляция берген соң шеттетілу мерзімі қысқартылып, 2019 жылдың қазан айында аяқталуы тиіс еді.

Еске сала кетейік, футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионатын өткізу үшін күресте Қатар 2010 жылы АҚШ, Аустралия, Оңтүстік Корея мен Жапонияны артта қалдырған болатын. Кейін футбол шенеуніктері өтінім беруде дауыстарды сатып алды деп айыпталған. ФИФА тәуелсіз комиссияға бұл іс бойынша тергеу жүргізуді тапсырған, алайда сатып алу айғағы анықталмады.

Платини де, Блаттер де өздеріне тағылған айыптың бір де бірін әзірге мойындаған жоқ.


0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар