27 мау, 2017 сағат 18:16

ҰБТ-ның жетінші күнінің қорытындысы жарияланды

2017 жылдың 26 маусым күні өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге 2050 өтініш берген жоғары оқу орнына түсушілердің 2034 (99,2%) қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде - 1820, орыс тілінде – 214 адам. Ұлттық бірыңғай тестілеу 3 ҰБТ өткізу пунктерінде жүргізілді, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің жетінші күнінде 3629 тыйым салынған заттар алынды.

Орташа балл – 76,56.

Ағымдағы жылы ҰБТ Республика бойынша 20-27 маусым аралығында өтеді. ҰБТ-ны 92 827 түсуші тапсырады, оның ішінде: 69 209 - қазақ тілінде және 23 618 - орыс тілінде.