#
#
Сейсенбі 10/12/2019

Twitter саяси жарнамаға тыйым салады

  • 31.10.2019
  • 0
  • 213

Twitter әлеуметтік желісі 30 қазанда платформада барлық саяси жарнамаға тыйым салатынын мәлімдеді. Компания басшылары мұндай сипаттағы жазбалар саудаға салынбауы тиіс деп санайды.

Twitter-дің бас директоры Джек Дорсидің айтуынша, жарнама берушілер үшін интернет-жарнама - өте қуатты әрі тиімді құрал. Оларды кейде сайлаушыларға ықпал ету мақсатында пайдалануы мүмкін. Ал оның нәтижесі миллиондаған адамдардың өміріне әсер етеді.

Дорсидің пікірінше, интернеттегі саяси жарнама мәселесі қоғамда қызу талқыланып, сарапталуы керек. Оның ойынша, қазіргі демократиялық инфрақұрылым саяси мәлімдемелердің жаппай таралуының теріс әсерін жоюға шамасы жетпеуі мүмкіні.

Осы мәселені шешу үшін "кері шегіне тұру керек" деді ол.

Twitter-дің бәсекелесі Facebook желісі қазан айында саясат және түрлі кампанияларға қатысты жарнамаларды тексермейтінін мәлімдеп, өткір сынға ұшыраған. АҚШ-та 2020 жылы қараша айында өтетін президент сайлауы қарсаңында әлеуметтік желіні иеленген компанияларды БАҚ мен қоғам ерекше бақылап отыр.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар