19 шіл, 2019 сағат 12:07

Түймебаев #ABAI175 эстафетасын жалғастырды

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған эстафетаны ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев жалғастырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп оқушысы Ләйлім-Шырақ Ерланқызынан қабылдап, көпшілікке жолдаған хакім Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны Қазақстан халқы Ассамблеясы қызу жалғастыруда. Бүгінгі таңда челленджді қолдап, қазақ тілінде ақын өлеңдерін оқыған этнос өкілдерінің саны 100-ден асты. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев этно-мәдени бірлестіктерді ары қарай ынталандыру мақсатында ұлы ойшылдың 37 қарасөзін оқып, #ABAI175 эстафетасын жалғастырды.