20 қыр, 2019 сағат 16:18

Тұрсынбай Құлахмет бокстан әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады

Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Тұрсынбай Құлахмет Қазақстан қоржынына екінші қола медальді салды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

75 келі салмақта ел намысын қорғаған Құлахмет жартылай финалда филиппиндік Эумир Марсиальмен жұдырықтасып, 5:0 есебімен ұтылды.

Тұрсынбай Құлахмет өткен жылы Жазғы Азия ойындарына алғаш рет қатысып, чемпион атанған болатын. Міне, әлемдік додаға да бірінші рет қатысып, қола медальға қол жеткізді.

Бұл - бокстан әлем чемпионатындағы екінші қола медаль. Осыған дейін 52 келі салмақта тағы бір отандасымыз Сәкен Бибосынов ел қоржынына алғашқы жүлдені салған болатын.