06 ақп, 2017 сағат 08:46

Түркияда 400-ден астам адам ИМ-ге қатысы бар деген күдікпен ұсталды

Түркия полициясы "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қатысы бар деген күдікпен 400-ден астам адамды ұстады.

Арнайы операция Түркияның алты ауданында өтті. Бұл туралы Франс Пресс агенттігі хабарлады. Тінту кезінде кейбір күдіктілердің үйлерінен қару табылған. Тергеу мәліметі бойынша, ұсталғандар теракт жасауға дайындалуы мүмкін. Күдіктілер арасында шетел азаматтары да бар, олар ел аумағынан шығарылады.

Түрік билігі Стамбулдағы түнгі клубтағы шабуылдан соң қауіпсіздік шараларын күшейтті. Жаңа жыл түніндегі шабуылды "Ислам мемлекеті" мойнына алған еді.