16 қаң, 2017 сағат 07:32

Түркия парламенті президенттік басқару жүйесіне көшуді мақұлдады

- Түркия парламенттік басқару жүйесінен президенттік басқару жүйесіне көшуге тағы бір қадам жасады. Ел парламенті тиісті заң жобасын бірінші оқылымды қабылдады, деп хабарлады РИА Новости.

Бұдан бұрын Конституцияға түзетулерді парламентке қарауға Әділдік және даму басқарушы партиясы енгізген.

Түзетулер Түркия қарулы күштері және барлау бас штабын жеке бақылауды мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоғанға береді. Бүгінде олар премьер-министрге бағынады. Бұдан басқа, түзетулерді нақты қабылдаған жағдайда, ел президенті жарлықтар шығаруға, министрлер тағайындауға, конституциялық өзгерістер туралы мәселені референдумға шығаруға құқық алады.

Парламенттік басқару нысаны 1923 жылы Түркия Республикасы құрылған сәттен бастап әрекет етеді.