14 нау, 2017 сағат 11:54

«Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында өткізілетін іс-шаралар тізімі

Биыл  «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында түркі мәдениетін әлемге таныту мақсатында жыл бойы 40-қа жуық іс-шара өткізіледі.  Іс-шара жоспарына сәйкес түркі әлемінің халықаралық ақындар айтысы, түбі түркі тілдес халықтар театры, опера, цирк, би, сатира, дәстүрлі өнер және ұлттық кино және  анимациялық фильмдердің, қолөнер шеберлерінің, музыка фестивальдері ұйымдастырылмақ.

Мәдени іс-шаралардың басым көпшілігі Түркістан қаласында өтеді. Кейбір іс-шаралар Түркістан қаласынан бастау алып, Шымкент қаласында жалғасын табады.

Жылдың жабылу салтанаты 2017 жылдың қараша айында Түркістанда өтетін болып белгіленіп отыр.  Жобада Түркі әлемінің 2018 жылғы мәдени астанасы анықталып, эстафетасы тапсырылады.

«Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының аясында өткізілетін іс-шаралар тізімі

Р/с

Іс-шараның атауы

Мерзімі

Өтетін жері

1.

«Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының (бұдан әрі - жоба) салтанатты ашылуы мен ТҮРКСОЙ Баспасөз сыйлығын тапсыру рәсімі

наурыз

Түркістан қаласы

2.

Наурыз мерекесіне арналған Түркі әлемінің «Наурызнама» іс-шарасы

наурыз

Түркістан қаласы

3.

Түркі әлемінің «Наурыз» халықаралық ақындар айтысы

наурыз

Түркістан қаласы

4.

Қазақстанның тұңғыш режиссері Ж. Шанинның 125 жылдығы аясында Түркі әлемі театрларының «Театр көктемі» фестивалі мен ТҮРКСОЙ театр басшылары кеңесінің мәжілісі

наурыз

Шымкент, Түркістан қалалары

5.

Түркі әлемінің  «Күлкі жәрмеңкесі»  фестивалі

сәуір

Түркістан қаласы

6.

Түркі әлемінің  «Бұраң бел»  би фестивалі

сәуір

Түркістан қаласы

7.

ХІV ТҮРКСОЙ фотосуретшілер кездесуі

сәуір

Шымкент, Түркістан қалалары

8.

Халықаралық әлеуметтік ғылымдар конгресі: ІІІ. Түркістан форумы: Ғаламдасу үдерісінде түркі дүниесінің келешегі, мүмкіндіктер мен қауіптер

сәуір

Түркістан қаласы

9.

 

Түркітілдес мемлекеттердің туроператорлары, блогерлері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған пресс-турлар, түркі әлемі журналистерінің форумы

мамыр

Түркістан қаласы

10.

XX ТҮРКСОЙ опера жұлдыздарының фестивалі

мамыр

Түркістан қаласы

11.

Түркі әлемінің  кітап көрмесі және ақын, жазушылармен кездесу кештері

мамыр

Түркістан қаласы

12.

Түркі әлемі жастарының ғылым және мәдениет мерекесі

мамыр

Түркістан қаласы

13.

«Түркі әлемінің жастары Әзірет Сұлтан құзырында» атты түркі әлемі жастарының  кездесуі

мамыр

Түркістан қаласы

14.

Халықаралық медиа форум

мамыр

Түркістан қаласы

15.

Түркі әлемінің  мәдениеті мен  өнерінің  жастар универсиадасы

маусым

Түркістан қаласы

16.

Түркі мемлекеттері әйелдерінің халықаралық форумы

маусым

Түркістан қаласы

17.

«Нұрын төккен - Рамазан»  халықаралық  фестивалі

маусым

Түркістан қаласы

18.

«Ортеке» халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі

маусым

Түркістан қаласы

19.

Түркі әлемі қолөнер шеберлерінің фестивалі

шілде

Түркістан қаласы

20.

Түркі әлемі ақындарының кездесуі

шілде

Түркістан қаласы

21.

Саха жазушысы Эрилик Эристииннің туғанына 125 жыл толуына арналған еске алу кеші және Саха өнерпаздары концерті

шілде

Шымкент, Түркістан қалалары

22.

XX ТҮРКСОЙ суретшілер кездесуі

тамыз

Түркістан қаласы

23.

Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының IX конгресі

тамыз

Түркістан қаласы

24.

«Ұлы Дала сазы» дәстүрлі өнер орындаушыларының халықаралық фестивалі

тамыз

Түркістан қаласы

25.

Түркі әлемі тарихшыларының халықаралық форумы

тамыз

Түркістан қаласы

26.

Түркі әлемі «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалі

қыркүйек

Түркістан қаласы

27.

ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссиялары мен комитеттерінің VII мәжілісі. Түркі әлемінің материалдық емес мәдени мұра  бойынша  ІХ семинары

қыркүйек

Түркістан қаласы

28.

«Түркістан қаласының тарихы» халықаралық симпозиумы

қыркүйек

Түркістан қаласы

29.

ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің қатысуымен қолөнершілердің халықаралық көрмесін ұйымдастыру

қыркүйек

Түркістан қаласы

30.

Еуразия елдері сәулет-құрылыс мектептерінің диплом жобаларының халықаралық фестивалі

қыркүйек

Түркістан қаласы

31.

Түркі әлемінің ынтымақтастық күні

қазан

Түркістан қаласы

32.

Түркі әлемі цирк өнерінің фестивалі

қазан

Түркістан қаласы

33.

«Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері» VI халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

қазан

Түркістан қаласы

34.

Халықаралық VII Түркология конгресі

қазан

Түркістан қаласы

35.

«Қазіргі заманғы  түркі мәдениеті және түркі әлемінің мәдени астаналары» халықаралық симпозиумы

қазан

Түркістан қаласы

36.

Түркі әлемінің халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайы

қазан

Түркістан қаласы

37.

Әзірбайжан ақыны Молла Панахтың туғанына 300 жыл толуына арналған поэзия кеші

қараша

Түркістан қаласы

38.

«Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының салтанатты жабылуы. ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымына мүше елдері мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің XXXV отырысы.

қараша

Түркістан қаласы

39.

Түрік  қолөнер шеберлерінің көрмесі

қараша

Түркістан қаласы

40.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне реставрациялық жұмыстар жүргізу

жыл бойы

Түркістан қаласы