03 сәу, 2020 сағат 10:47

Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 16 адамға жетті

Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 16 адамға жетті. Бүгінде індет тараған Жетісай, Арыс, Мақтаарал, Ордабасы,Сайрам аудандары мен Кентау қаласында науқастардың үйлері оқшауланып, сақтық шаралары күшейтілген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, өңірде індет жұқтырғандар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған. 

«Коронавирус жұқтырған 10 науқас Жетісай ауданында, Кентау қаласында 2 адам, Арыс қаласы - 1, Мақтаарал, Ордабасы және Сайрам аудандарында 1 адамнан тіркелді. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. Қазіргі таңда аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде» делінген хабарламада.