#
#
Дүйсенбі 01/06/2020

Түркістан облысында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

  • 30.03.2020
  • 0
  • 176

Түркістан облысында коронавирус тіркелген жоқ. COVID-19-бен күрес және індеттің алдын алу облыс бойынша кең ауқымда жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгіннен бастап Түркістан облысының аумағына азаматтардың кіріп-шығуын бақылап, тексеруден өткізетін блок-посттар саны 38-ге жеткізілді. Бақылау бекеттерінен тәулігіне 36 мыңнан астам адам тексеруден өткізілуде. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, өңірдегі блок-посттарда бейнебақылау камералары орнатылған. Оған қоса «Сергек» камералары арқылы полиция қызметкерлері көліктердің бағытын қадағалап отырады. Барлық видео 30 күн бойы сақталады.

Шетелдік нөмір таққан көліктер мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан келген көліктерді тіркеуге алу бойынша қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Бақылау бекеттерінде полиция, дәрігерлер мен жедел-жәрдем және төтенше жағдай қызметкерлері тәулік бойы қызмет етуде. Блок-посттардағы бейнебақылау камералары облыс әкімдігінде құрылған ахуалдық орталыққа қосылған. Коронавирус індетінің таралуына жол бермеуге және жағдайды сараптамаға ала отырып, халыққа шынайы ақпарат дерегін жариялап отыруға бағытталған тәулік бойы жұмыс істейтін ахуалдық орталықта барлық құзырлы басқармалардың мамандары жұмылдырылған.

COVID-19 пневмониясымен күрес үшін Түркістан қаласындағы қоғамдық орындарда да сақтық шаралары қатаң бақылауға алынған. Облыс әкімдігінің ұйымдастырумен тұрғындардың сауалдарына шұғыл жауап беру үшін арнайы Call–орталық жұмыс істейді. Call – орталық 109 нөмірі арқылы тәулік бойы 24/7 форматта қоңыраулар қабылдайды.

Инфекцияның алдын алу және онымен күрес бойынша барлық мәліметті Түркістан облысы әкімдігінің «ТүркістанCOVID-19 облыстық шұғыл ақпарат тарату штабы» парақшасынан да білуге болады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар