#
#
Дүйсенбі 01/06/2020

Түркістан облысында екі адам коронавирусты шымкенттік туысынан жұқтырған

  • 02.04.2020
  • 0
  • 190

2 сәуірде Түркістан облысында коронавирус жұқтырған тағы 6 адам анықталды. Жетісай ауданынан - 3, Кентау қаласы - 1, Ордабасы – 1, Сайрам - 1 науқас тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кентаудан анықталған азамат Жетісай ауданынан шыққан науқаспен байланыста болған.

«Ал Ордабасы мен Сайрам ауданының екі тұрғыны - Шымкент қаласында диагнозы расталған азаматтың туыстары. Науқастар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмысы жүріп жатыр» делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар