03 сәу, 2020 сағат 16:08

Түркістан облысында бүгін анықталған науқастар COVID-19 жұқтырғандармен байланыста болған

3 сәуір күні Түркістан облысында коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам тіркелді. Бүгінде өңірде 19 адам коронавирус індетіне шалдыққан, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" блыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде 10 науқас - Жетісай ауданында, Кентау қаласында - 2 адам, Арыс қаласы - 1, Мақтаарал, Ордабасы және Сайрам аудандарында 1 адамнан тіркелді. 

Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған. 

Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмысы жүріп жатыр.