23 ақп, 2021 сағат 17:07

Түркістан облысында 20 жылдан астам құжатсыз жүрген әйелге көмек көрсетілді

Түркістан облысында 20 жылдан астам құжатсыз жүрген әйелге көмек көрсетілді. Өзбекстан Республикасында дүниеге келген Шахноза Мадаминова 1998 жылы Созақ ауданына көшіп келіп, төрт баланы дүниеге әкелген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазіргі таңда Сызған ауылында тұратын келіншек осы күнге дейін құжатсыз жүрген. Арнайы мобильдік топтың рейд жұмыстарын жүргізу кезінде Шахнозаның құжатсыз жүргендігі анықталып, көші-қон полицейлері бірден көмек қолын созған. Елшілік арқылы байланысқа шығып, жан-жақты жұмыстар жүргізілген. Бүгінде ол «Азаматтығы жоқ куәлігімен» рәсімделді. Ендігі кезекте басқа да құжаттарының жасалуы жолында жұмыстар атқарылмақ. Өз кезегінде Шахноза полицейлерге шынайы ризашылығын жеткізіп, алғыс айтты.