06 қыр, 2019 сағат 22:40

Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды. Бұл қызметті Мира Сүлейменова атқаратын болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мира Пернебекқызы 1978 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Шымкент қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияның үздік түлегі. Білімі - жоғары. 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін үздік бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы «Юмакс радиосында» журналист болып бастап, жаңалықтар қызметінің бас редакторы қызметін атқарған.

2002-2013 жылдар аралығында «31 арнаның» ОҚО бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған.

«31 – Шымкент» телеарнасының жаңалықтар қызметінің бас редакторы болған. 2017 жылдан бері Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз хатшысы қызметін атқарып келген.