#
#
Сейсенбі 24/09/2019

Тұрғымбаев полиция басқармасының басшысын жұмыстан босатты

  • 20.08.2019
  • 0
  • 441

Ішкі істер министрі Екібастұз қалалық полиция басқармасының басшысын жұмысынан босатты. Павлодар облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасының лауазымды тұлғалары мен департамент басшысының орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа газ баллонының жарылуынан күйіп қалған келіншек арызданған болатын. Осыдан кейін Екібастұз қаласына арнайы тексеріс жіберілді. Соның нәтижесі бойынша бірқатар лауазымды тұлғалар жазаланды.

Ресми мәліметке сәйкес, Екібастұз қаласына министрліктің бір топ қызметкері барды. Олар газ баллонының жарылуына қатысты қылмыстық істің созылып кету себептерін зерделеп шықты. Осы оқиғада екі адам қайтыс болды. Ал бір келіншек пен оның кішкентай қызы қатты күйіп қалды.

"Қызметтік тексеріс кезінде Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарын бұзу пен қылмыстық істі тергеу мерзімін негізсіз тоқтату фактілері анықталды. Бүгінде осы тәртіп бұзушылықтар үшін дәл осы қылмыстық іске жауапты болған бас тергеуші және тергеуші, сондай-ақ, Екібастұз қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімінің басшысы жұмыстан босатылды", - делінген ресми хабарламада.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар