#
#
Бейсенбі 21/11/2019

Тұрғылықты мекенжайы бойынша мәліметтерді шекара маңы елді мекендерінің тұрғындары ғана ұсынады - ІІМ

  • 30.10.2019
  • 0
  • 234

ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Галина Сәрсенова ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте мекенжай анықтамасын алып тастау туралы айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Мекенжай анықтамасын беру қызметін Ішкі істер министрлігі көрсететін еді. Бұл қызмет сұранысқа ие қызметтердің бірі болды. Тек биылдың өзінде 9 млн мекенжай анықтамасы берілген.

Галина Сәрсенованың айтуынша, бұл қаржылық жүктеме де, осы қызметті көрсеткен корпорация қызметкерлері үшін физикалық жүктеме де болды.

Аталған қызметті автоматтандыру аясында оны ұсыну қажеттігінің жоқтығын ескере отырып, аталған анықтаманы алып тастау туралы шешім қабылданды.  30 қыркүйекте мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне түзетулер енгізілді, оған сәйкес мекенжай мәліметтерін беру бойынша мемлекеттік қызмет «Шекара маңы аумағындағы елді мекенде тұрғылықты жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді ұсыну» жаңа қызметіне алмастырылады.

«Біз неге шекара маңы аумақтары үшін қалдырдық, өйткені, бұл норма халықаралық келісімшартта қарастырылған. Бұл – РФ пен ҚР арасындағы елді мекендердің шекараларын кесіп өтуге қатысты келісім. Ондай елді мекендер саны 400-ге жуық, Қазақстан мен Ресей Федерациясының шекара маңы аумақтарының бойында орналасқан. Бұл жағдайда мекенжай анықтамасы ұсынылады, ол тек осы ауылдар үшін ғана берілетін болады. Яғни, форматтық-логистикалық бақылау белгіленеді», — деді Г. Сәрсенова.

Анықтаманы тек ауылдық округтердің әкімдері шекара маңы елді мекендерінің тұрғындарына беретін болады. Заңнамаға әкімдерге құзыреттер беру бойынша өзгерістер енгізіледі. Сонымен қатар, аталған ауылдардың тұрғындары Интернет желісі қолжетімді болған жағдайда egov.kz электронды үкімет порталы арқылы мекенжай анықтамасын өз бетінше ала алады. 

Бұдан басқа, бұл мәліметтер орталық мемлекеттер органдар деңгейінде, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бағынышты облыстық, аудандық аумақтық бөлімшелері үшін қолжетімді болады. 

Г. Сәрсенованың айтуынша, кез келген азамат электронды үкімет порталына кіріп, тұрғылықты мекенжайы бойынша өзінің мәліметтерін тексере алады. 

Бұл ретте, басқа ұйымдар, оның ішінде азаматтың тіркелуі туралы ақпарат қажет болуы мүмкін жеке компаниялар оны egov.kz электронды үкімет порталынан үшінші тұлғалар сервисі арқылы ала алады. Бұл тек, егер азамат SMS арқылы өзінің тіркелуі туралы мәліметтерді бір реттік алуға келісімін берген жағдайда мүмкін болады. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар