03 мам, 2018 сағат 14:44

Тұңғыш рет жас ақын-жазушылар кеңесі құрылды

Ұлттық әдебиетімізді дамытып, жас дарындарды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жанынан Жастар кеңесі құрылды.

Жастар кеңесі – өнер және әдебиет саласында әдістемелік-сараптамалық жұмысты жүзеге асыру үшін құрылған консультативтік-кеңестік ұйым.

Кеңестің негізгі міндеттері: жастарға қатысты кешенді әдебиет және өнер салаларының басым бағыттарын анықтау, оны қалыптастыру және іске асыру; жеке және заңды тұлғалармен, шығармашылық одақтар, ассоциациалар және тағы басқа қоғамдық маңызы ұйымдармен бірлесе отырып жұмыс жүргізу; жастардың түрлі заманауи форумдарға, конференцияларға, жиындарға қатысу және Министрліктің шешімдерін талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескере отырып жұмыс жасау, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын және тағы басқада жастарға қатысты өзге де маңызды сұрақтарын талқылау; шығармашылық қайраткерлермен жұмыс барысында туындаған мәселелерді шешуде орталық және жергілікті атқарушы органдарға консультативтік көмек көрсетеді.

Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері:

- «Мәдениет пен өнердің жанашыры, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының мұрындық болуымен жұмысын бастағалы отырған Жастар кеңесінің басты мақсаты – қаламгерлер мен оқырмандар арасында алтын көпір болу, жас қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау, әдеби-мәдени интеллигенцияның бас қосар орталығына айналу. Сиясы кеппеген жаңа кітаптарды талқылау, өзге де аймақтармен байланыс жасау мақсатында әдеби бейне-көпірлер, өзге де аймақ қаламгерлерімен кездесу кештерін өткізуді жоспарлаған орта болып отыр».  

Мақсат Мәліков, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің гран-при иегері:

- «Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан құрылған Жастар кеңесі – қоғамдағы жастар саясатының тамырына қан жүгіртетін игі бастама деп қабылдаймын. Әсіресе, өнер және әдебиет саласында талантымен көзге түскен жас буын өкілдеріне мемлекет және қоғамдық ұйым тарапынан көңіл бөліп, олардың қалыптасу жолында қолтығынан демесе, талай күрмеуі қиын мәселе шешімін табатыны ақиқат. Себебі, алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы «балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп айтып кеткеніндей, жастарға дер кезінде көрсетілген қамқорлық – елдің болашағына қосылған қомақты үлес. Мінекей, осындай мақсат-мүддені ту еткен Жастар кеңесі өнері өрге жүзген сандаған дарынның тынысын кеңейтіп, күні ертең келелі істің керемет баламасына айналатыны сөзсіз».

Жас ақын-жазушылар кеңесінің құрамы:

Мақсат Мәлік 

-

жазушы, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің гран-при иегері

 

Мирас Мұқаш 

-

жазушы, Қ.Сәтбаев атындағы арнаулы сыйлықтың иегері, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломаты

 

Мирас Асан 

-

ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты

 

Ануар Омар

-

ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің екі мәрте лауреаты

 

Айбол Исламғали

-

ақын, Республикалық мүшәйралардың жеңімпазы

 

Қанат Әбілқайыр 

-

жазушы, Халықаралық «Дарабоз» сыйлығының екі мәрте бірінші орын иегері

 

Бақытгүл Бабаш 

-

ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің бас жүлдегері

 

Дархан Бейсенбек 

-

жазушы, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты.

«Серпер» жастар сыйлығының иегері

 

Назира Бердалы 

-

ақын, Халықаралық, республикалық мүшәйралардың бас жүлдегері

 

Хамит Есаманов 

-

ақын, Республикалық мүшәйралардың жүлдегері

 

Ерлан Жүніс 

-

ақын, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері

 

 

 

Нұрлан Қабдай 

-

жазушы, «Хабар» агенттігінің үздік журналисті

 

Бауыржан Қарағызұлы 

-

ақын, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері

 

Мерей Қартов 

-

ақын, «Алтын тобылғы» конкурсының бас жүлдегері

 

Алмас Нүсіп 

-

жазушы, «Алтын тобылғы» конкурсының бас жүлдегері

 

Ықылас Ожай 

-

ақын, «Рух» конкурсының жеңімпазы

 

Павел Банников 

-

ақын, Халықаралық конкурстардың жүлдегері

 

Абдулжан Азнибакиев

-

ақын, «Түркі дүниесі» фестивалінің лауреаты

 

Құралай Омар

-

ақын, «Шабыт» фестивалінің бас жүлдегері. Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері

 

Қалқаман Сарин 

-

ақын, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері

 

Бекзат Смадияр 

-

 ақын, «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Рух» конкурсының бірінші орын иегері

 

Бағашар Тұрсынбайұлы 

-

 сыншы, «Шабыт» фестивалінің дипломаты

 

Бейбіт Сарыбай 

-

жазушы, Халықаралық «Дарабоз» сыйлығының екі мәрте бірінші орын иегері, «Алтын тобылғы» конкурсының бас жүлдегері

Шерхан Талап

-

 ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты

 

Сара Тоқтамысова

 -

айтыскер ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

 

Мұхтар Ниязов

 -

айтыскер ақын,  «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысында бас жүлде иегері