10 қаз, 2019 сағат 15:43

Тұман, жел, үсік: Үш облыста күн бұзылады

Ауа райының бұзылуына байланысты синоптиктер Қызылорда, Маңғыстау және Қостанай облыстарында ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 қазанда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

11 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, солтүстік-батыстан соғатың желдің күші 18 м/с дейін күшейеді.

11 қазан күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді.

11 қазан күндіз Ақтау қаласында шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз жел екпіні - 15-20 м/с.