#
#
Жексенбі 17/02/2019

ТҰҚЖБ-ның 202 900 салымшысы ең жоғарғы көлемде мемлекет сыйлықақысын алды

  • 05.02.2019
  • 0
  • 352

2018 жылдың қорытындысы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 1 038 869 салымшысына мемлекет сыйлықақысы төленді. Қаржылық ұйым клиенттерінің шотына жалпы алғанда 28,6 миллиард теңге аударылды. Бұл өткен жылғы банк салымшыларына төленген қаражаттан 5,6 млрд теңгеге артық.

Мемлекет сыйлықақысын төлеуге арналған соманың ұлғаюы банк клиенттері санының өсуіне байланысты болып отыр. Мәселен, өткен жылы 20% көлеміндегі сыйлықақы 896 620 адамға берілген еді.

Ал, 96 200 теңгені құрайтын ең жоғарғы мемлекет сыйлықақысын 202 900 банк клиенті алды. Яғни, аталған азаматтар 2018 жылы шоттарына кемінде 481 000 теңгені немесе  200 айлық есептік көрсеткішті құрайтын қаражат сомасын жинаған. Депозитінде бұдан да үлкен қаражат сомасын жинаған клиенттер сыйлықақы төленбеген жинақ сомасы бойынша мемлекеттік бонусты 2019 жылдың нәтижесінде алатын болады.

- Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын Қазақстандағы жалғыз банк. Заң бойынша бұл жүйеге қатысушыларға арнап мемлекет жыл сайын сыйлықақы төлейді. Аталған бонус қазақстандықтардың өз баспанасын сатып алулары үшін тезірек қаражат жинақтап, қоныс тойын өткізуге мүмкіндік береді. Қолжетімді шарттар бойынша пәтер немесе үй сатып алу үшін тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысуға ниет білдірушілер саны жылдан жылға артуда. 2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекет 1 миллионнан астам қазақстандықтың жинақ сомасын көбейтуге көмегін тигізді. Салыстыра кетер болсақ, осыдан үш жыл бұрын мемлекет сыйлықақысы бұдан екі есе аз адамға, яғни, 537 мың салымшыға төленген болатын,- деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

2019 жылдың қорытындысы бойынша мемлекет сыйлықақысы берілетін ең жоғарғы салым сомасы – 505 000 теңге (200 АЕК) . Осыған сәйкес, максимал мемлекет сыйлықақысы 101 000 теңгені құрайды. Жыл қорытындысы бойынша аталған соманы алу үшін банк салымшыларына ай сайын депозиттеріне орта есеппен 42 000 теңгеден салып отыру керек.

Ал Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенті көбірек қаражат сомасын жинағысы келсе, ең жоғарғы мөлшердегі кіріске қол жеткізу үшін отбасы мүшелерінің атына бірнеше депозит ашып, оларға қаражатты теңдей бөліп, салып отыра алады. Бұл жағдайда мемлекет сыйлықақысы ашылған әр шот бойынша төленеді. Ал тұрғын үй заемын алуға қажет сома жиналған кезде, шоттарды біріктіріп, баспана сатып алуға болады. Бұл опцияны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде «Отбасылық пакет» деп атайды.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозиті банк сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысының арқасында ең табысты салымдардың бірі болып саналады. Депозит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 13%-ға дейін барады. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар