23 мам, 2017 сағат 16:06

Трамп: Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға бар күшімді саламын

АҚШ президенті Дональд Трамп Палестина әкімшілігіәнң басшысы Махмуд Аббаспен кездесіп тұр. Вифлеем, 23 мамыр 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иордан өзенінің батыс жағалауына сапарында израильдіктер мен палестиналықтар арасында бітім орнатудың "қолдан келерлік барлық мүмкіндігін" жасауға уәде берді. "Израильдіктер мен палестиналықтар арасында бейбіт келісімге қол жеткізуге, олардың осы мақсатқа жетуіне көмектесуге тырысамын" деді Трамп 23 мамырда Вифлеемде Палестина әкімшілігінің басшысы Махмуд Аббаспен кездескен соң.

Трамп шетелге жасаған алғашқы сапарында израильдіктер мен палестиналықтар арасында "түпкілікті бейбіт келісім" жасау процесін ілгерілетуге талпынып жүр. Трамп 22 мамырда Таяу Шығыс аймағына басталған сапары қарсаңында аймақта бейбітшілік орнатудың "сирек мүмкіндігі" туып отырғанын айтқан.

23 мамырда Трамп Манчестерде 22 адам қаза тапқан жарылысты айыптаған. Трамп жарылысты "жолы болмаған кектілер" жасағанын мәлімдеген. Ол құрбандардың туыстарына көңіл айтып, "өркениетті ұлттар адамзатты қорғау үшін бірігуі тиіс екенін" жеткізген.

Азаттық