12 қаң, 2017 сағат 10:23

Трамп: Ресей АҚШ саяси институттардың компьютерлерін бұзды

Жаңадан сайланған президент Дональд Трамп Ресейдің АҚШ саяси институттарының компьютерлік жүйелерін бұзғанын мойындап, бұл президент Владимир Путиннің жауапкершілігінде екенін мәлімдеді. Трамп 11 қаңтарда Манхэттендегі кеңсесінде баспасөз мәслихатын өткізді. Ол оның президент болып сайланғаннан кейінгі журналистер алдына бірінші рет шығуы.

АҚШ-тың сайланған президенті компьютерлік жүйелердің бұзылғанын растап, бірақ оның дауыс беруге әсер еткенін жоққа шығарды. Трамптың сөздерінше, Ресей америкалық компьютер жүйелерін бұзып келген көп елдің бірі.

Ол сонымен бірге ресейлік хакерлерге электронды хаттарды ұрлау жөнінде Путин тікелей тапсырма бергенін де растады. "Ол мұны істемеу керек еді. Ол мұны істемейді. Ресейді басқа адамдар басқарған кезде, біздің елді барынша сыйлайтын болады", – деп атап өтті.

Трамп Демократиялық партия компьютерлік шабуылдардан әлсіз қорғанды деді. Оның сөздерінше, Республикашыл партия комитеті хакерлік шабуылдардан жақсы қорғана білді.

Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен жақсы қарым-қатынаста болады ма, жоқ па, әзірге білмейтінін, бірақ ол "актив" сөзін қолданып, жақсы қатынас болады деді. Ол сонымен бірге өзі президент болған уақытында Ресей "біздің елді сыйлайтын болады" деді. "Егер Путинге Дональд Трамп ұнайтын болса, бұл минус емес плюс болады. Себебі біздің Ресеймен қарым-қатынасымыз өте нашар", – деді ол. Трамптың пікірінше, Ресей АҚШ-тың "Ислам мемлекеті" тобымен күресте басты әріптесі болуы мүмкін.