03 там, 2018 сағат 12:57

Трамп Путинмен қарым-қатынасын жақсартқанын мәлімдеді

Дональд Трамп Владимир Путинмен татуласа алғанын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Риа Новостиге сілтеме жасап. The Hill басылымының жазуынша, бұл туралы Путин Пенсильваниядағы митинг кезінде айтқан.

"Хельсинкиде Владимир Путинмен керемет кездесу өткіздім. Біз ... туралы талқыладық. Біз шынымен де жақсы қарым-қатынасқа қол жеткіздік", - деді Америка Президенті.

Бұдан бөлек Трамп АҚШ-та өткен саммитке пікірін білдіргенде одан ресейлік әріптесіне қатысты "бокс матчын" күткенін айтты. 

16 шілдеде Финляндия астанасында Трамп пен Путин арасында маңызды келіссөз жүрген еді. Алдымен басшылар 2 сағаттан аса сөйлесіп, кейін делегация мүшелері кеңейтілген құраммен түскі ас ішті. Артынан журналистер сұрағына жауап берді. Кездесудің қорытындысы бойынша лидерлер екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға мүдделі екенін айтты.

Трамп Путинмен келесі кездесуін 2019 жылы өткізгісі келеді. АҚШ президенті терроризмге қарсы әрекет ету, Израильдің қауіпсіздік мәселесі, ядролық қаруды таратпау, кибершабуылдар, экономикалық ынтымақтастық, Украина, Таяу Шығыстағы бейбітшілік, Солтүстік Корея және басқа да тақырыптарды талқылауға үміттенеді.