22 қаз, 2018 сағат 12:48

Трамп пен Ердоған Хашоггидің өліміне қатысты істі телефон арқылы талқылады

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған телефонмен сөйлесіп, журналист Жамал Хашоггидің Сауд Арабиясының Стамбулдағы консулдығы аумағында қаза табу ісін толық ашу қажет деген тоқтам жасады.

Түркиялық Anadolu ақпарат агенттігінің Түркия президенті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, Ердоған мен Трамп Хашоггидің ісі "жан-жақты тергелуі тиіс" деген уағдаластық жасасқан.

Бұған дейін Ердоған 23 қазанда диссидент журналистің өліміне қатысты "бүкіл шындықты" жайып салатынын мәлімдеген. 20 қазан күні Эр-Рияд Хашоггидің Сауд Арабиясының Стамбулдағы консулығында қаза тапқанын мойындаған.

Сауд Арабиясының мемлекеттік БАҚ-ы 60 жастағы журналист 2 қазан күні консулдық кеңсесінде болған "төбелес" кезінде қайтыс болғанын хабарлаған.