12 қаз, 2019 сағат 18:17

Трамп Ақ үй қызметкерлерін жалғандық детекторында тексермек

АҚШ Президенті Дональд Трамп БАҚ-қа қажетсіз ақпарат тарататын Ақ үй қызметкерлерін жалғандық детекторы арқылы анықтау мүмкіндігін талқылады, деп жазады Politico.

Басылымның хабарлауынша, Трамп Президент болып сайланғаннан кейін-ақ полиграфты пайдаланғысы келген. Дегенмен оның көмекшілері бұл әдістің тиімсіз болуы мүмкін екенін айтып, тоқтатқан.

«Ақ үйдің кейбір қызметкерлері өздерінің адалдықтарын дәлелдеу үшін ерікті түрде жалғандық детекторында тексерістен өткен», делінген ақпаратта.

Басылымының хабарлауынша, енді ақпаратшыларды шпиондарға теңеген АҚШ президенті оларды жазалаудың жолдарын қарастырып жатыр.

Бұған дейін Трамп президенттікке түскелі бері БАҚ-та «жалған» ақпарат тарайтынына шағымданған еді. Сонымен қатар ол The New York Time мен басқа БАҚ-тарды фейк басылым деп айтқан еді. Ал 2017 жылы ақпан айында ол журналистерді халық жауы деп атады.