29 қаз, 2019 сағат 19:54

Трамп Әбу Бакр әл-Бағдади ізбасарының көз жойылғанын мәлім етті

АҚШ Президенті Дональд Трамп ДАИШ лаңкестік ұйымының көсемі Әбу Бакр әл-Бағдадидің жақын жақтасының көз жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Америка президентінің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап

«Жаңа ғана Америка әскерилері Әбу Бакр әл-Бағдадидің нөмір бірінші орынбасарының көзін жойғаны расталды. Ол жақында көсемінің орнын басар еді. Енді ол да өлді!» - деп жазды Дональд Трамп. Алайда ДАИШ көсемінің ізбасарының аты-жөні айтылмаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Дональд Трамп Сирияда арнайы операция барысында ДАИШ лаңкестік ұйымының көсемі Әбу Бакр әл-Бағдадидің көзі жойылғанын хабарлаған болатын.