#
#
Жексенбі 29/03/2020

Төтенше жағдайлар комитетінің жеке министрлік болуға толық құқы бар - Мұхтар Құл-Мұхаммед

  • 21.02.2020
  • 0
  • 114

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед жеке Төтенше жағдайлар министрлігін құруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Көптеген мемлекеттерде жеке министрлік болып отырған Төтенше жағдайлар министрлігі дейтін үлкен ведомство бар. Егер Қазақстанның жер көлемі әлемдегі тоғызыншы мемлекет дейтін болсақ, онда мұндай үлкен мемлекетте Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің жеке-дара министрлік болуға толық құқы бар. Әзірге, бұл сала Ішкі істер министрлігінің құрамында болып отыр. Міне, сол себепті бұл министрліктің жұмысы Сенаттың назарында болған және болып қала береді», - деді М. Құл-Мұхаммед Парламент Сенатындағы Үкімет сағатында 2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша Жол картасын іске асыру тақырыбын талқылау барысында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенаттағы Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицейлердің саны 11 пайызға қысқартылғанын айтты.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар