#
#
Cәрсенбі 19/06/2019

Төрт ай ішінде Қазақстаннан шетелге 170 млрд теңге аударылған

  • 05.06.2019
  • 0
  • 711

Қазақстаннан аударылатын ақшаның үштен екі бөлігі Ресейге, Өзбекстан мен Түркияға кетіп жатыр, деп хабарлайды ranking.kz порталы.

«2019 жылдың қаңтар мен сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстаннан шетелге 172,8 млрд теңге аударылған. Бұл 2018 жылдың тиісті көрсеткішінен қарағанда 8,6 пайызға артық. Сонымен бірге, транзакция саны да 1 пайызға азайып, 775,8 мыңды көрсеткен», - делінген ranking мәліметінде.

Ақшаның басым бөлігі халықаралық ақша аударымдар жүйесі арқылы Ресейге жөнелтілген (65,1 млрд теңге). Бұл - 2018 жылдың 4 айының көрсеткішінен 6,4 пайызға аз.

Екінші орында Өзбекстан тұр. Ол жаққа аударылған ақшаның мөлшері 26,5 млрд теңгемен бір жылдың ішінде 36,2 пайыздық өсімге жеткен. Алғашқы үштікті Түркия түйіндейді (25,8 млрд теңге, +41,2 пайыз).

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар