#
#
Бейсенбі 19/09/2019

Төлеутай Рақымбеков Шығыс Қазақстандағы сүт фермасына барды

  • 22.05.2019
  • 0
  • 484

«Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков Шығыс Қазақстан облысын аралап жүр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" кандидаттың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап. 

Президенттікке үміткердің айтуынша, бұл сапардың мақсаты - өңірдің ауылшаруашылық саласындағы мәселелермен жақын танысып, тұрғындарының сауалдарына жауап беру. Бүгін сайлауалды топ ШҚО-дағы сүт-тауарлы фермаға барды. Фермада 3 000 бас мал бар, оның шамамен жартысы - сауын сиыр. 

«Жылына орта есеппен алғанда бір сиырдан сауылған сүт 8 мың кг асады. Бұл - Қазақстандағы орташа көрсеткіштен 3 есе көп. Егер ел көлемінде мұны 3 есеге арттырса, бүгінгі күні 6 млн тоннаға қосымша 12 млн тонна өнім шығарып, дайын өнімді экспортқа жіберер едік», - деп жазады Төлеутай Рақымбеков. 

Шығысқазақстандықтар мұндай жетістікке қалай қол жеткізді? «Ауылдық» кандидаттың пікірінше, оның үш себебі бар.

«Біріншіден, өндірісті дұрыс ұйымдастыру мен дұрыс менеджмент арқасында. Екіншіден, қазіргі заманғы технологияларға инвестиция салу, үшіншіден, өндірістің, ғылым мен білімнің тығыз интеграциясы. Фермадағы орташа жалақы осы саладағы орташа көрсеткіштен 3 есе көп», - дейді маман.  

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР