07 мау, 2019 сағат 12:41

Төлеутай Рақымбеков ресейлік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді

«Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков ресейлік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Журналистермен әңгіме барысында Төлеутай Рақымбековтің республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Әли Бектаев сайлау науқанына 700-ден астам іс-шара өткізу жоспарланғанын атап өтті. Бүгінгі күні оның 620-ы жүзеге асырылды. Төлеутай Рақымбеков пен оның сенім білдірген өкілдері Қазақстанның барлық аймақтарын аралап, сайлауалды бағдарламаны таныстырып шыққан.

Кездесу барысында шетелдік журналистер кандидатқа бірқатар сауалдар қойды.

өлеутай Рақымбеков өз сайлауалды бағдарламасының немен ерекшеленетінін, онда негізінен қандай мәселелерге басымдық берілгенін, сондай-ақ, ауыл шаруашылығын дамытуға бар күшін салатынын, себебі Қазақстанның аграрлық салада көш бастауға әлеуеті жететінін айтып берді.

Сонымен қатар, сайлауалды науқанды қалай өткізгені жөнінде әңгімеледі.