31 мам, 2019 сағат 09:53

Төлеутай Рақымбеков Маңғыстау жұртшылығына сайлауалды бағдарламасын таныстырды

«Ауыл» партиясы атынан президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбеков Маңғыстау жұртшылығына сайлауалды бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі. 

Президенттікке үміткер жергілікті тұрғындармен кездесу барысында аймаққа тән мәселелерді көтеріп, оны шешу жолдарын ұсынды. Ол Маңғыстау өңіріне күнделікті тұтынатын азық-түліктің басым бөлігі басқа аймақтардан әкелінетінін сөз етіп, бұл мәселені шешу үшін ауыл-аймақта жылыжайды көбейту керектігін алға тартты. Бұған қоса, шұбат өндірісін жолға қойып, табыс көлемін еселеп арттыруға болатынын айтты. Өйткені, осы тектес бастамаларға қазір мемлекеттен жақсы қолдау бар.

Жиында сонымен қатар жұмыссыздық, ауыл шаруашылығын жандыру, баспанамен қамту, инфрақұрылымды дамыту және жастар саясаты секілді проблемалар көтеріліп, кеңінен талқыланды.