16 жел, 2018 сағат 20:05

Төле би ауданында құрастырмалы-қаңқалы медициналық тірек ашылды

Түркістан облысының Төле би ауданындағы Оңтүстік елді мекенінде құрастырмалы-қаңқалы медициналық тірек ашылды.

Ел Тәуелсіздігі қарсаңында ұйымдастырылған салтанатты шараға облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев пен Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков қатысты.

Небәрі екі айдың ішінде бой көтерген заманауи құрастырмалы - қаңқалы медициналық тіректің құны 30 млн.теңгені құрайды. Неміс технологиясымен жасалған бекетте фельдшер, дәрігер - терапевт және медбике қызмет көрсетеді. Осылайша ауыл тұрғындары алғашқы көмекті алысқа бармай - ақ қолжетімді жерден ала алады.

Жалпы алаңы 125 шаршы метр болатын тірек медициналық құралдармен толық жабдықталған. Төле би ауданында медициналық тірек ашылып, орталық аурухана күрделі жөндеуден өтті Бұл күні сондай-ақ күрделі жөндеуден өткен Төле би аудандық ауруханасы да пайдалануға берілді. Ғимаратта ауруларды қабылдауға толық жағдай жасалған. Қабылдау бөлімінде кіші ота бөлмесі ашылып,шұғыл зертхана және диагностикалық бөлмесі бар. Төле би ауданында медициналық тірек ашылып, орталық аурухана күрделі жөндеуден өтті Науқастарды саралауға ыңғайлы көп фунцкионалды кереует орнатылып, балаларды қарау бөлмесі де ашылып отыр.

Бұдан өзге жүкті әйелдерді қарау, шұғыл түрде босандыру және аса қауіпті инфекцияға күдікті науқастарды саралау бөлмелерін кездестіруге болады. Бөлімдер ортақтандырылған оттегімен тыныс алу жүйесімен жабдықталып, ауруларды қабылдайтын автокөлікке арналған пандусты эстакадалық жол жаңадан салынған. Емханаға келген науқастар кезегін куту үшін арнайы зал ашылып, электронды мониторлар мен дауысты хабарлағыштармен жабдықталған.