21 нау, 2019 сағат 12:30

Токиода өтетін Олимпиада ойындарының алауы таныстырылды (Видео)

Бүгін Жапония астанасы Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиада ойындарының алауы таныстырылды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.

Жазғы ойындардың алауы сакура секілді безендірілген. Бекітілген тұжырымдама бойынша, әрбір «жапырақтан» бөлек от тұтанып, соңында бәрі біртұтас алауға айналады.

Алаудың салмағы 1,2 келіге жуықтайды, биіктігі - 71 сантиметр. Алауды дайындау кезінде 2011 жылдың 11 наурызында Жапонияның солтүстік-шығысында жер сілкінісі мен цунамиден зардап шеккендерге уақытша соғылған үйлердегі мыс қолданылған.

2020 жылғы Токио Олимпиадасының алауы дәстүр бойынша Грекияда жағылады. Жеті күннен соң Күншығыс еліне жететін алау эстафетасы 26 наурызда басталады.