05 мау, 2020 сағат 13:15

Токио Олимпиадасының шегерілуі: Қазақстанда 4,3 млрд теңге үнемделді

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Токио Олимпиадасына шегерілуіне байланысты Қазақстанда осы жартыжылдықта 4,3 млрд теңге үнемделіп, бюджетке қайтарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Пандемияға байланысты бүкіл әлемде ірі спорттық шаралардың бәрі де кейінге шегерілді. Өздеріңіз білетіндей, Олимпиада ойындары да келесі жылға қалдырылды. Жазғы Олимпиада ойындары осы жылдың шілде айының аяғы мен тамыз айының басында өтуі тиіс болатын. Осыған байланысты халықаралық және лицензиялық сайыстардың өткізілу кестесіне де айтарлықтай өзгерістер енгізілді», - деді Ақтоты Райымқұлова ОКҚ алаңы арқылы халық алдында есеп беру кездесуінде.

Министр қазіргі уақытта қазақстандық спортшылар өз жаттығуларына кіріскендігін айтып өтті.

«Алайда Олимпиада келесі жылға қалдырылғаннан кейін биылғы жартыжылдықта 4,3 млрд теңге үнемделіп, мемлекеттік бюджетке қайтарылды», - деді Ақтоты Райымқұлова.