#
#
Cәрсенбі 18/09/2019

Тоқаев: Жаңа мұнай-газ кен орындарын зерттеуге кірісу қажет

  • 14.05.2019
  • 0
  • 956

Қазақстанда мұнай мен газдың жаңа кен орындарын зерттеу қажет. Бұл жайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың Тwitter-дегі аккаунтына сілтеме жасап.

«Қазір өңірдегі мұнай-кен орындарының сарқылуы және жыл сайын көмірсутек өндірудің төмендеуі байқалады. Болашақта бұл салада жұмыс істейтін адамдарда проблема туындауы мүмкін. Ресурстық базасын кеңейту бойынша шұғыл шаралар  қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының жұртшылығымен кездесу барысында.

Осы орайда Мемлекет басшысы жаңа мұнай-газ кен орындарын зерттеуге кірісу қажеттігіне назар аудартты.

«Жаңа кен орындарын зерттеуге, қолданыстағы жобаларға заманауи технологияларды енгізуге кірісу қажет. Үкімет «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және әкімдікпен бірлесіп, өңірдегі мұнай-газ саласын дамытудың нақты стратегиясын әзірлеуі керек», - деді Қазақстан Президенті.

Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді. Онда  облыстық көпбейінді балалар ауруханасына және «Жан-Арай» ЖШС-ға барды. Сондай-ақ қаланың сол жағалауында пайдалануға берілген нысандармен танысты.  

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар