11 жел, 2019 сағат 17:16

Тоқаев Президенттік кадр резерві 4-кезеңінің қорытындысымен танысты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Анар Жайылғанова Мемлекет басшысына «Президенттік кадр резервінің» 4-кезеңінің қорытындысы туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді.

Атап айтқанда, Анар Жайылғанова өткен кезеңнің негізгі критерийлері мен талаптары, сарапшылар комиссиясының құрамы жайында айтты. Оның айтуынша, үміткерлермен әңгімелесу әділ әрі конкурс ережесіне сай өтті.

Президент ақтық кезеңнің барынша ашық өтуін қамтамасыз етуді және ең лайықты үміткерлерді іріктеп алуды тапсырды.