#
#
Жексенбі 25/08/2019

Тоқаев президент сайлауында 69,94% дауыс жинады - "Жастар" зерттеу орталығы

  • 10.06.2019
  • 0
  • 783

"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген Exit-poll нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 69,94% дауыс жинап, жеңіске жетті. Бұл туралы баспасөз орталығында орталықтың директоры Талғат Қалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Сайлаушыларға "Сіз қай кандидатқа дауыс бердіңіз?" деген сауал ғана қойылды. Сонымен, Exit Poll-дың нәтижесіне тоқталайын. Жамбыл Ахметбеков – 3,06%, Дания Еспаева – 4,78%, Әміржан Қосанов - 14,69%, Төлейтау Рахимбеков – 2,71%, Амангелді Таспихов – 2,63%, Қасым-Жомарт Тоқаев – 69, 94%, Түгел Сәдібек – 1,92% сайлаушылардың дауысын жинады", - деді Қалиев брифингте.

Оның айтуынша, Exit Poll-ға 12 мың адам қатысқан.

"Сайлау күні Exit Poll сауалнамасы өткізілді. Барлық 300 сайлау учаскесінде 12 мың сайлаушы сұралды. Бөлімшелерді іріктеу және респонденттерді санын анықтау әр өңірдегі сайлаушыларды есептеу жолымен жүргізілді. Нәтижесінде республикалық маңызы бар қалалардағы 30 бөлімшеде 1220 адам, облыс орталығы болып саналатын 14 қаладағы 64 сайлау бөлімшесінде 2440 адам, ауылдық жерлердегі 125 бөлімшеде 5 мың адам, шағын қалалардағы 84 бөлімшеде 3300 адам сұралды", - деді ол.

Сол сауалнама кезінде бөлімшеден шыққан әрбір бесінші респондентті таңдау сақталғанын атап өтті. Сұраудың қателігі Exit Poll стандарты бойынша 3%-тен аспайды.

"Сайлау туралы заңның 28-бабына сәйкес, "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы орталық сайлау комиссиясына электролдық сауалнамалдарды, әрі Exit Poll-ды өткізу туралы хабарлай отырып, барлық талап етілетін құжаттар мен мәліметтерді ұсынды. Біздің ұйым белгіленген талаптарға, оның ішінде 5 жылдық жұмыс өтілі, бейінді әлеуметтанулық білімі және жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлерді болуымен жауап береді", - деді "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы директоры.

Сондай-ақ, ол Exit Poll Қазақстанның азаматтық альянсының тапсырысы бойынша жүргізілгенін айтты.

Айта кетсек, Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының алдын ала қорытындысын 12 сағат ішінде жариялайды.

Ресми нәтижені Орталық сайлау комиссиясы заңнамаға сәйкес, дауыс берудің нәтижесін 10 күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

Exit Poll дегенміз не?

Сайлау кезінде дауыс берген азаматтардың арасында өткізілетін анонимді сауалнама "Exit Poll" деп аталады. Экзит-полл сайлаудың алдын ала нәтижесін жасау арқылы оны бұрмалауға жол бермейді.

Заң бойынша экзит-поллды сайлауға дейін өткізуге болмайды. Сайлау кезінде дауыс беретін үй-жайлардың ішінде де жасауға рұқсат жоқ. Экзит-полл тек сыртта дауыс берген сайлаушылар арасында ғана жүргізіледі. Ал оның нәтижесін жариялағанда ақпарат көзін, сауалнаманың уақытын, мәлімет жинаудың әдіс-тәсілін, нақты сұрақты, сауалнамаға қатысқан адамадардың саны мен қателік коэффицентін міндеті түрде көрсету керек.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар