#
#
Сенбі 06/06/2020

Тоқаев Помпеомен телефон арқылы сөйлесті

  • 08.04.2020
  • 0
  • 193

Қазақстан Президенті АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Майкл Помпео COVID-19 індетінің таралуына қарсы күресте халықаралық іс-қимылдарды үйлестіру мәселелерін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстанға қолдау білдіріп, гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. АҚШ дипломатиясының басшысы Вашингтонның пандемияны тезірек ауыздықтау және оның салдарын жою мақсатында екіжақты ықпалдастықты арттыру ниетін нақтылады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Орталық Азия елдеріндегі эпидемиологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмектесуге дайын екенін айтты.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Америка арасындағы саяси диалогты одан әрі тереңдету және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті арттырудың, Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында атқаратын бірлескен жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар