#
#
Сенбі 07/12/2019

Тоқаев Павлодар мұнай-химия зауытына барды

  • 27.04.2019
  • 0
  • 733

Мемлекет басшысы Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары барысында мұнай-химия зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сіллтеме жасап.

Қазақстан Президентіне кәсіпорынның қазіргі уақытта автомобиль жанармайын, реактивті двигательдерге арналған жанармай отынын, дизельді және қазандық отынын, өзге де мұнай өнімдерін, сондай-ақ, коммуналдық-тұрмыстық мақсатта газ өндіретіні туралы баяндалды. Зауыттың жылдық қуаты – 5,1 миллион тонна. Оның өнімдері ішкі нарыққа жеткізіледі, сонымен қатар, Ресейге, Өзбекстанға, Қытайға, АҚШ-қа, Нидерланд еліне, Италияға және Украинаға экспортталады.  

Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында өндірістік қуатына ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілген Павлодар мұнай-химия зауытының ел экономикасындағы рөлі ерекше екенін атап өтті.

Кәсіпорын жұмысшылары отандық өндіріске қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар