#
#
Жексенбі 26/05/2019

Тоқаев Корея Президенті және Мажарстанның Премьер-министрімен кездеседі

  • 19.04.2019
  • 0
  • 163

Қазақстанға Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин мен Мажарстанның Премьер-министрі Виктор Орбанмен келеді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.

Сәуірдің 21-23 күндері Қазақстанға Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин алғашқы мемлекеттік сапарымен келеді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея басшысымен келіссөздер жүргізу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ, бірқатар аймақтық және халықаралық өзекті мәселелерді талқылайды.

Сондай-ақ, сәуір айының 24 күні Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келетін Мажарстанның Премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөздер өткізеді.

Екі жақты кездесудің бағдарламасы бойынша қазақ-мажар ынтымақтастығына және аймақтық, халықаралық ахуалға қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар