16 мам, 2019 сағат 14:02

Тоқаев Халықаралық валюта қорының басқарушы директорымен кездесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагардпен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Кристин Лагардқа Астана экономикалық форумына келгені үшін ризашылық білдірді.

– Нұр-Сұлтан қаласына қош келдіңіз! Сіздің Астана экономикалық форумына арнайы келіп қатысуыңыз форум жұмысына да, Қазақстанға да тиімді боларына сенім білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Халықаралық қор ынтымақтастығының негізгі бағыттары, сондай-ақ әлемдік қаржы-экономика жүйесінің дамуындағы маңызды үдерістер туралы пікір алмасты.