23 мам, 2019 сағат 10:28

Тоқаев «Қазмұнайгаз» ҰК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасын қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазмұнайгаз» ҰК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына ұлттық компанияның биылғы 4 айдың ішінде атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, компанияның IPO-ға дайындығы жөнінде баяндалды.

Қазақстан Президенті басталған жобалардың бәрін мерзімінде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы корпоративтік басқару ісін дамыту, ұлттық компанияға білікті жас мамандарды тарту қажеттігін айтты.